Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

300

Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. 

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады Фото: russianplanes.net

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу