Қарағанды облысында темір рудасын 4 жыл заңсыз өндіргендер сотталды

88

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады.  

Қарағанды облысында темір рудасын 4 жыл заңсыз өндіргендер сотталды Фото: poisknews.ru

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Облыста кәсіпорындардың бірі 4 жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге сатқан.

3 күдікті қамауға алынып, 360 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Аталған қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады.

Қарағанды облысының Шет аудандық сотының қарауының нәтижесінде 3 сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу