Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

358

Зауыт жылына 45 млн кірпіш өндіруге қауқарлы.  

Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды Фото: gov.kz

Қарағанды облысының Осакаров ауданында 1,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асқан жоба 40 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

"Алтын Алқап Қарағанды" ЖШС кәсіпорны жылына 45 млн кірпіш өндіруге қауқарлы. Зауытта сазды дайындаудан бастап дайын өнімді күйдіруге дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған. Бір партия өндірістің барлық кезеңінен шамамен сегіз сағатта өтеді.

Кәсіпорын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін инвесторға саз кен орнын игеруге жер учаскесі берілген. Сонымен қатар өндіріс үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым жасалған. Облыс әкімдігі бюджет қаражаты есебінен сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландырды.

Қазір зауытта 20 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққан кезде жұмысшылар саны 40-қа дейін артады.

Инвестордың айтуынша, зауыттың тиімді орналасуы өнімді Қарағанды және Ақмола облыстарына жеткізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын құрылыс компанияларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатып, өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жаңа өндірістің іске қосылуы отандық құрылыс материалдарының көлемін арттырып, өңірдегі жұмыспен қамтуға және жергілікті бюджет түсімдерінің өсуіне ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу