Қарағанды облысында жер сілкінісі магнитудасы екі балды құрады

458

Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында қатты сезілген. 

Қарағанды облысында жер сілкінісі магнитудасы екі балды құрады Фото: Куәгерлерден

Бүгін, 23 қаңтарда түнде Қарағанды облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Алайда, Теміртау бойынша жер сілкінісі толқынмен өтті. Бір жерлерде қатты сезілді, ал кей жерде мүлдем сезілмеді. Төтенше жағдайлар департаменті өңірде магнитуда 2 балл болғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusines.kz сайтының тілшісі.

Қарағанды облысындағы ауылды мекендер, Пришахтинск жер сілкінісін сезбеген. Алайда, Майқұдық, Оңтүстік-Шығыс және Михайловка аудандарында үй ішіндегі заттар қозғалып, халық дүр сілкінді. Зардап шеккендер мен ғимараттардың зақымдануы туралы ақпарат болған жоқ. Айта кету керек, толқынды жаңа үйлердің тұрғындары қатты сезген. Әсіресе Момышұлы, Кеншілер даңғылында орналасқан тұрғын үй кешендері.

"Мен "Трилистник" тұрғын үй кешенінде тұрамын. 25 қабатта қатты сезілді. Үйден 3 минутта шығып кеттік. Үйге кері кіруге қорқып қалдық. Дереу өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келді. Шынымды айтсам, жүрек соғысым мен басымның сақинасы ұстап қалды десем артық айтпағаным", - деді Томи атты Қарағанды тұрғыны.

"Сағат түнгі он екіден аса ас үйімде шай ішіп отырғанмын. Кенеттен, люстра қозғала бастады. Мен түсінбей, қолыммен ұстап тұрдым. Алайда екі минуттан соң қайта қозғалды. Сол кезде үйдің чатына хабарламалар келе бастады. Көршілерім, есіктерімізге дейін жабылып-ашылып тұр деді. Сонда да, қатты мән бермедім. Бірақ,10 минуттан соң үйдің маңына ТЖД көліктері қаптап кетті. Сосын елдер қайта қайталануы болады деген соң, туыстарымның үйіне кетіп қалдым. Осы ретте біздің үйіміздің салыну тәртібі де, қалай комиссия қабылдағаны да күдік туғызады? Басқа үйлер мысалы, дүмпуді сезбеді ғой", -деді Зарина Мукашева "Трилистник" тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Соған қарамастан, түнгі сағат 2-дегі жағдай бойынша Департамент нөмірлеріне тұрғындардан 120-ға жуық қоңырау түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу