Қарағанды облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

569

Осының салдарынан екі жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтады.

Қарағанды облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті  Фото: google.com

Қарағанды облысында жүк пойызының 19 вагоны жолдан шығып кетті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. 

"28 желтоқсан күні 07 сағат 45 минутта Қарағанды-Ақадыр жол учаскесінің Қарабас станциясында  жүк пойызның 19 вагоны жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ" делінген хабарламада. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірінші тұрған, жеке меншік иесіне тиесілі астық таситын вагон дөңгелек жұбының сыналануы  салдарынан вагондар жолдан шығып кеткен.

Жағдайдың барысын тексеру үшін "ҚТЖ" АҚ арнайы комиссия құрды. 

"Бұл учаскедегі жол қозғалысы көршілес жол арқылы ұйымдастырылды. Құлайғыр, Қарағанды станцияларындағы екі жолаушы поездары кешіктірілді. Вагонның жолдан шығуының салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңа-Арқа, Астана станцияларынан үш қалпына келтіру пойызы тартылды" делінген ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу