Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауылын су басты

838

Тұрғындар эвакуацияланған жоқ.

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауылын су басты

12 шілдеде Ақтоғай ауылы көшелерін нөсер жауыннан кейін су басқан, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

"12 шілдеде сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында қысқа мерзімді нөсер жаңбыр салдарынан Бөкейхан көшесіндегі дүкенді су басып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Жергілікті атқарушы орган ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп ауыл аумағын аралайды", – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу