Қарағанды облысы Саран қаласына қарасты Ақтас кентіндегі 5 көше атауы өзгереді, деп жазады inbusiness.kz.
Ленинградская көшесінің атауы Әлия Молдағұлова көшесіне, Бородин көшесі – Бейбітшілік көшесіне, Городская көшесі – Кеншілер көшесіне, Привольная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп қайта аталады. Ал 8 Марта және Трансортная көшелері біріктіріліп, Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгермек.
Құжатта тиісті шешім Қарағанды облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына негізделгені, сондай-ақ Ақтас кенті тұрғындарының пікірі ескерілгені туралы айтылған.
Құжатты көпшілік талқылау мерзімі – 19 қыркүйекке дейін.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу