Қарағанды облысындағы газ жарылысынан қаза болғандар полицейдің әке-шешесі екені белгілі болды

3271

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. 

Қарағанды облысындағы газ жарылысынан қаза болғандар полицейдің әке-шешесі екені белгілі болды Фото: Inbusiness.kz

Ботақара ауданында газ баллоны жарылды, қаза тапқандардың есімдері белгілі болды.

Олар Бұқар жырау өңірінің жедел уәкілінің ата-анасы болып шықты. Полиция департаменті әріптестеріне қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, бүгін, 30 қаңтарда Ботақара кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде жан түршігерлік жарылыс болды. Онда 2-қабаттағы пәтерде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

Бұқар жырау ауданының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтың әкесі мен анасы Төлеген Рахметов пен Алма Рахметованың қайғылы қазаға ұшырағаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу