Қарағанды облысындағы кен орнында жұмысшы көз жұмды

218

Қайғылы жағдай 23 шілде күні "Пустынное" ТБК аумағында тіркелген.  

Қарағанды облысындағы кен орнында жұмысшы көз жұмды Фото: metalmininginfo.kz

"Алтыналмас АК" компаниясына қарасты "Пустынное" тау-байыту кешенінде өндірістік оқиға болып, салдарынан кәсіпорын қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның мәліметінше, өндірістік оқиға салдарынан екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына құқықтық баға берілмек.

"Алтыналмас АК" компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына заңнамада көзделген барлық қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтауға және тергеу органдарымен толық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу