Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы Әубәкіров көшесінде екі пәтерлі тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері үйдің шатыры, жиһаздары мен тұрмыстық техникасы жанып жатқанын анықтады.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар жану аймағынан төрт газ баллонын алып шықты. Осылайша ықтимал жарылыс қаупінің алдын алды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу