Қарағанды облысындағы Үміткер ауылында жылқыдан инфекция анықталуына байланысты карантин енгізілді

704

Ауылдық округ әкімінің шешімі "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 

Қарағанды облысындағы Үміткер ауылында жылқыдан инфекция анықталуына байланысты карантин енгізілді Фото: Oqu.news

Қарағанды облысындағы Үміткер ауылы аумағында жылқы арасында эпизоотикалық лимфангоит инфекциялық ауруына байланысты карантин енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін", - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 20 сәуірге дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу