Қарағанды облысының қай мектептері ел бойынша үздіктер қатарына енді

519

Қазақстанда үздік 100 олимпиадалық мектептің рейтингі жасалды. 

Қарағанды облысының қай мектептері ел бойынша үздіктер қатарына енді Фото: gov.kz

Бұл тізімде Қарағанды облысының алты оқу орны бар.

Рейтингті "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жариялады. Орындар 2022-23 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша бөлінді.

"Республиканың 314 мектебі үздік болу құқығы үшін күресті. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 мектеп жеңіп алды; 9 мектеп екінші орынды бөлісті; 14 мектеп үшінші орынға ие болды. Рейтинг формула бойынша шығарылды, онда алтын медаль үш баллға, күміс медаль екі баллға және қола медаль бір баллға бағаланады, – деп атап өтті "Дарын" РҒПО. – Ең алдымен, бұл рейтинг – зияткерлік сайыста табысқа жетуге бар күш-жігерін жұмсаған оқушылардың, олардың мұғалімдері мен жаттықтырушыларының еңбегінің нәтижесі".

Рейтингте 21 және 22-жолдарда Қарағанды облысының № 1 "Білім-инновация" және Н. Нұрмақов атындағы екі лицей-интернаты орналасқан. Олимпиада қорытындысы бойынша олар үшінші орын иегерлері атанды.

Сонымен қатар, республиканың ең үздік жүз оқу орнына өңірден келесі мектептер:

  • Қарағанды қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
  • "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
  • Балқаш қаласының С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы;
  • Қарағанды қаласының № 2 лицейі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу