Қарағанды облысының құтқарушыларына жаңа техниканың кілті тапсырылды

966

Өрт сөндіру автомобилінің құрметіне ескерткіш ашылды.

Қарағанды облысының құтқарушыларына жаңа техниканың кілті тапсырылды

Конституция күнінің қарсаңында және азаматтық қорғаныш органдарының 25 жылдық мерейтойы шеңберінде Қарағанды облысының ТЖ бойынша Департаменті құтқару техникасының 25 бірлігімен жабдықталды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 28 тамызда құтқарушыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 17 өрт сөндіру автоцистернасының, екі апаттық-құтқару және бір команда машинасының кілтін тапсырды.

-Мен сіздерді ҚР Конституциясының 25 жылдығымен құттықтағым келеді. Сіздердің қайсар еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз үшін алғыс сөздерімді білдіргім келеді. Алдымызда маңызды және жауапты міндеттер тұр. Қарағанды облысының әкімдігі ТЖД заманауи техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету бойынша бар күшін салады. Бүгін сіздерге 20 бірлік арнайы құтқару техникасын тапсырамыз. Бұл ТЖД бөлімшелерінің әскери дайындығын, ТЖ-ды елеу жеделдігін нығайтатынына және біздің облыс халқының қорғалу деңгейін арттыратынына сенімдімін. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, қызмет жолында жетістіктер тілеймін, - деп Жеңіс Қасымбек құтқарушыларды құттықтады.

Сонымен бірге, ҚР Ішкі істер министрлігі қарағандылық құтқарушылар үшін тағы бес бірлік арнайы техника сатып әперді. Жыл соңына дейін облысқа тағы жеті автоцистерна келуі тиіс. Олардың кілттерін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин тапсырды.

- ҚР Конституциясының 25 жылдығының қарсаңында Қарағанды облысының әкімдігімен өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әскери техника сатып алынып, бізге тапсырылды. Мемлекет басшысымен ТЖ туындау тәуекелдерімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды. Біз осы міндетті абыроймен орындауымыз тиіс. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Денсаулық, жетістік және амандық тілеймін, - деді Юрий Ильин.

Салтанатты шара барысында ТЖД үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің ведомстволық марапаттауларымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгін тағы бір оқиға - әскери дос - әйгілі өрт сөндіру автомобилінің құрметіне орнатылған өрт сөндіру техникасы ескерткішін ашу өтті.

ГАЗ-51-АЦ 36/20 автомобилінің базалық шассиінде өрт сөндіру автоцистернасы Қарағанды облысының өртке қарсы қызметтің қарауында 1951 жылдан бері табылады. өзінің 40 жылдан астам әскери кезекшілік өтілімен бұл автомобиль 3 500 астам өртті сөндіруге қатысты. Енді бұл цистерна Қарағанды қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы тұғырда орнатылды.

Салтанатты шара қонақтары үшін өрт сөндіру бөлімінің аумағында апаттық-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Ал өрт сөндіруші спортшылар оқу мұнарасының 3-қабатындағы терезеде шабуылдау баспалдағы бойынша көтерілуді көрсетті.

Еске сала кетсек, осы жылы Қазақстан құтқарушылары қызметтің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу