Қарағанды облысының тең жартысы жарықсыз қалды

398

Автобустар тоқтап, үй шатырлары ұшып кетті.

Қарағанды облысының тең жартысы жарықсыз қалды Фото: Дидар Қалқатай

Кешегі боранның салдарынан  Новодолинка, Құрма елдімекендері  әлі де жарықсыз отыр. 
Тағы бір қабатты үйдің шатыры ұшып кетті.

Қарағандыдағы Библиотечная  көшесі, 2 мекен-жайындағы ЖБИ ауданында тұрғын үй шатырынан толығымен айырылды. Қарағанды мен спутниктік қалалар бойынша жаппай жарық өшіп, бағдаршамдар жұмысын тоқтатты.

Оңтүстік-шығыс ауданында жылу желілерінде апат орын алып, Теміртаудың бір бөлігі жарықсыз, сусыз және жылусыз қалды. Қарқаралы ауданының ауылдары, Новодолинка, Құрма кенті бір тәулік бойы жарықсыз күнелтіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу