Қарағанды облысының тұрғыны Осакаров ауданы әкімінің грантына шағын құс фермасын ашты

383

Көктемде алғашқы өсім алуды жоспарлап отыр. 

Қарағанды облысының тұрғыны Осакаров ауданы әкімінің грантына шағын құс фермасын ашты Фото: gov.kz

Осакаров ауданы Тельман ауылдық округінің Қутұмсық ауылының тұрғыны Имани Ғазиева күркетауық өсіруге арналған шағын құс фермасын ашты. Аудан әкімінің грантының арқасында бойжеткен бизнес-жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Имани Ғазиева білімі бойынша заңгер. Ол 2020 жылы бүкіл әлем коронавирусқа байланысты ұзақ карантинде болған кезде колледж бітірген. Оқуын тәмамдағаннан кейін бойжеткен ата-анасына туған ауылына оралуға шешім қабылдаған. Ауылда қол қусырып отырмай, екі жыл бойы жергілікті сату нарығын зерттеген.

– Бірде бізге "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының тренерлері келіп, грантқа қалай өтініш беруге болатынын, қандай құжаттар қажет екенін түсіндірді, – дейді ісін жаңа бастаған кәсіпкер. – Мен мүмкіндікті пайдалануды шештім. Бұған дейін нарықты зерттегеннен кейін, біздің ауданда күркетауық етін табу мүмкін емес екенін түсіндім, егер сіз Қарағандыдан тапсырыс берсеңіз ғана. Ал ол өте ұзақ және қымбат. Сондықтан мен ата-анамның ауласында шағын құс фермасын ашуды шештім. Грант алғаннан кейін мен жүз күркетауық сатып алдым. Қазір оларда бейімделу процесі жүріп жатыр.

Бір күркетауық 17 балапанға дейін шығара алады деп есептеген. Өткізу нарығы – ауданның супермаркеттері мен дүкендері.

– Қазір сұраныс бар. Жақын маңдағы Молодежный ауылының тұрғындары күркетауық сұрайды. Оның еті өте дәмді. Сонымен қатар, құсқа ерекше күтім қажет емес. Алғашқы бір жарым айда ғана болмаса, – дейді Имани. – Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін грант – тамаша мүмкіндік, бастапқы капитал. Мен бірнеше жылдан кейін кіріске шығуды жоспарлап отырмын. Әзірге құстардың санын көбейтіп, айналымды ұлғайту керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу