Қарағанды облысының жедел жәрдем қызметі үшін 36 реанимобиль сатып алынды

477

Қарағанды облысының Жедел жәрдем паркі 36 жылжымалы медициналық кешенмен толықты. Тағы 24 көлік жыл соңына дейін жеткізіледі. Реанимобильдер республикалық бюджет есебінен сатып алынды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының жедел жәрдем қызметі үшін 36 реанимобиль сатып алынды

Санитариялық автокөлік ӨЖЖ-аппараттарымен, пациенттің мониторларымен, дефибрилляторлармен, аға кезекші дәрігерге деректерді беру функциясы бар электрокардиографтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ қажетті реанимациялық шараларды өткізуге арналған толық жиынтық бар: мамандандырылған бригадаларға арналған С класты реанимобильдерден фельдшерлік бригадаларға арналған А класты автомобильдерге дейін.

Реанимобильдер облыстың барлық қалалары мен аудандарына таратылады. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметі паркінің 60%-ын жаңартуға және қосалқы станцияларда резервтік құрам жасауға мүмкіндік береді.

"Бүгін облысқа 36 реанимобиль келді. Жыл соңына дейін тағы 24-і жеткізіледі. Бұл көліктер Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жеткізілуде. Жалпы өңірде коронавирусқа байланысты түрлі жағдайларға дайындық бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бүгін 44 аурухана кез келген уақытта жұмысқа кірісуге дайын. Сондай-ақ біз дәрігерлер үшін барлық қажетті техникалық және басқа да жағдайларды жасауымыз керек. Бұл жаңа көліктер олардың жұмысына көмектеседі", – деді Жеңіс Қасымбек. 

Жалпы жыл басынан бері облысқа әртүрлі модификациядағы және өтімділіктегі 300-ге жуық медициналық мақсаттағы машина келді.

Автопаркті жаңарту Қарағанды өңірінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу