Бұқар Жырау ауданында, Қызылорда – Павлодар автожолының 1024 шақырымында жолаушылары бар автобус жол жиегіне шығып кеткен. Көлік Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Оқиға Қарағандыдан 50 шақырым жерде болған. Құтқарушылар ол жерге дереу жетіп, автобустан Қарағандыға 38 адамды эвакуациялады.
Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданында, Алматы – Екатеринбург автожолының 1046 шақырымында, Теміртаудан 12 шақырым жерде Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақау салдарынан тұрып қалған автобустан Теміртауға 25 адамды эвакуациялады. Автобус Астана – Шымкент бағыты бойынша жүріп бара жатқан.

Ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы автожолдардың бес учаскесінде шектелген:
- Екатеринбург – Алматы, 1353–1426-шы км,
 - Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласының төлем қабылдау пункті;
 - Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, 17–217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы;
 - Астана – Қабанбай-батыр – Нұра – Теміртау, 51–266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы;
 - Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 231–324-ші км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті;
 - Қызылорда – Павлодар, 967–1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы.
 
Құтқарушылар келесідей кеңеске құлақ түруді ұсынады:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
 - жабылған автожолдарда көлік құралдарының кептелісін құрмау;
 - мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда болу;
 - автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалаңыздар.
 
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.