Қарағанды өңіріне биыл шетелден 3 мыңдай ірі қара жеткізілді

787

Оның дені Ресейден әкелінген.

Қарағанды өңіріне биыл шетелден 3 мыңдай ірі қара жеткізілді

Биыл Қарағанды облысына шетелден 2929 бас ірі қара мал жеткізілген. Оның ішінде 722-і – Чехиядан, 45-і – Беларусь Республикасынан және 2162-і – Ресей Федерациясынан. 206797 тәуліктік балапандар әкелінген, оның ішінде Ресейден – 155200 және Венгриядан – 51597.

Аймақтың ветеринарлық бақылау, ветеринарлық-санитарлық және тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтіп, мал ауруларына қатысты мәселелер қозғалды.

"Биыл мал ауруларының 13 түрін алдын алу және 30 түрін диагностикалау бойынша іс-әрекеттер өткізілді. Облыстық бюджеттен жануарлар ауруларының алдын алу үшін ірі қара малдың тейлериозына қарсы 15 мың доза, сондай-ақ жылқы үшін 111 мың доза сатып алынды", – деді ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков атқарылған шаруаларға тоқталып.

Айта кетсек, Қарағанды облысында барлығы 840 ветеринар жұмыс істейді. Оның ішінде ветеринария басқармасында – 13, бөлімдерде – 64, ветеринарлық стансаларда – 73, және штаттан тыс 633 маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу