Қарағанды – Жезқазған автожолының құрылысына 450 техника жұмылдырылды

278

Құрылысқа 676 маман тартылған.

Қарағанды – Жезқазған автожолының құрылысына 450 техника жұмылдырылды Фото: ҚазАвтоЖол телеграм

Қарағанды және Ұлытау облыстарын байланыстыратын "Қарағанды – Жезқазған" автожолының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 2,2 млн текше метрден астам топырақ төселді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұзындығы 457 шақырым болатын жолдың 140,8 шақырымында топырақтың құнарлы қабаты алынып, 2,285 млн текше метр жер төсемінің үйіндісі төселді. Құрылыс жұмыстарына 450 жол-құрылыс техникасы мен 676 маман тартылған.

Жаңа жол 448–905-шақырымдар аралығында салынып жатыр. Жоба бойынша II техникалық санаттағы автомобиль жолы салынады.

Қазір жол негізін дайындау және жер төсемін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар геодезиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жасалып, ұңғымалар бұрғыланып, жолдың осі белгіленіп жатыр. Құнарлы топырақ қабаты алынған аумақтың жалпы көлемі 6,8 млн шаршы метрден асады.

Құрылыс алаңдарында өндірістік базалар мен вахталық қалашықтар жабдықталып, топырақ және тас карьерлері дайындалуда. Қажетті құрылыс материалдары да нысанға жеткізіліп жатыр.

Жоба іске асқаннан кейін Қарағанды мен Ұлытау облыстары арасындағы көлік байланысы жақсарып, жол жүру уақыты қысқарып, қозғалыс қауіпсіздігі артады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу