Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

478

Құрылыс салушылар рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа кіріскен.  

Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды Фото: gov.kz

Жоспардан тыс тексеруді МСҚБ басқармасы жүргізді, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жосықсыз құрылыс салушылар мониторинг барысында Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен анықталды.

– Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ҚР ӘҚБтК-нің 314 "Жобалық құжаттамасыз құрылыс", 321 "Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу" және 463 “МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды, – деді Мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.

Егер ескертулер жойылмаса, нысан пайдалануға жіберілмейді және ол қабылдау актісін алмайды.

Жосықсыз құрылыс салушылар тізіміне келесі компаниялар кірді:

  •  "T-K Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);
  •  "TT INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);
  •  "Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нұра" ТК);
  •  "Baiterek-2022" ЖШС ("Аманат" ТК);
  •  "СМК Group" ЖШС ("Baiterek" ТК);
  •  "Григорян Ш. Н." ЖК (КТ);
  •  "TBL building" ЖШС ("Tole Bi 2" КТ);
  •  "Revival Alliance" ЖШС (Ержанов к-сі, 63/2);
  •  "ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты отбасы" ТК);
  •  "Optima-Stroy" ЖШС ("Династия" ТК).

Экономикалық сотта қазір үш тұрғын үй кешенін өз еркімен салу деп тану туралы талап-арыздар бар. Бұл Al-Farabi ТК (құрылыс салушы "Т-К Building" ЖШС), "Хан" ТК (құрылыс салушы "ТТ-Инвест" ЖШС) және "Нұра" ТК (құрылыс салушы "Satti Lux Stroy" ЖШС).

Сондай-ақ, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 15 компанияға 320-бап бойынша айыппұл салынды. @gask_krg Instagram әлеуметтік желісінде толық тізім келтірілген. Қазір МСҚБ басқармасының қарауында осындай бұзушылықтар тіркелген тағы екі компания бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу