Қарағандыда 3 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

217

Оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желіде жарияланды.

Қарағандыда 3 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды қаласында үш көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде Cobalt, BMW және Priora маркалы автокөліктер жол апатына ұшыраған. Салдарынан бес адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ. 

– Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді. Жолда қырағы және мұқият болыңыз, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу