Қарағандыда 3 жасар бала эскалаторға қолын қысып алды

352

Оқиға сауда орталықтарының бірінде болған.

Қарағандыда 3 жасар бала эскалаторға қолын қысып алды Фото: видео скриншот

Қарағандыдағы сауда орталықтардың бірінде үш жасар бала эскалаторға қолын қысып алды. Баланы босату үшін құтқарушылар тобы көмекке шақырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбидің қолы эскалатордың механизміне қыстырылып қалған. ТЖ департаментінің құтқарушылары сағат 11:48-де шақырту алған. 

"Бұл Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды. Бала құтқарылды. Зардап шеккен бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды", - деді Қарағанды облысы ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу