Қарағандыда 57 жастағы әйелді көлік қағып кетті

381

Жаяу жүргінші жарақат алды. 

Қарағандыда 57 жастағы әйелді көлік қағып кетті Фото: бейнеден скриншот

Қарағанды қаласында 57 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

25 мамыр күні сағат 12.30-да "Горняк" аялдамасына жақын жерде жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді "Ауди" қағып кеткен. Көлікті 21 жастағы жігіт тізгіндеген. 

"Горняк" аялдамасы маңайында Магнитогорская көшесінде "Ауди" көлігінің 21 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні соғып кетті. Аталған факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Әйел адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу