Қарағандыда 8,3 миллиард теңгенің жалған конкурстары жойылды

2105

Барлық бұзушылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. 

Қарағандыда 8,3 миллиард теңгенің жалған конкурстары жойылды Фото: gov.kz

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Күшін жоюға қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісім-шарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болды. Мысалы, Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған", - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Бұл бір жылдан астам келісім-шарт жасасу негіздерінің толық тізбесін қарастыратын Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қайшы келеді.

Жұмыс жалғасуда және прокурорлардың ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу