Қарағандыда 9 жастағы бала су каналына батып кетті

996

Сұрыптау бекетінде ойнап жүрген бала ағынды суға арналған ашық каналға түсіп кеткен.

Қарағандыда 9 жастағы бала су каналына батып кетті

3 сәуірде Қарағандыда қайғылы оқиға орын алды. Сағат 15:45-те "112" пультіне куәгерлер ойын барысында бір баланың ашық түрдегі нөсер каналына батып кеткені туралы қоңырау шалған. Қайғылы оқиға Сұрыптау бекетіндегі Серов көшесіндегі үйдің жанында болды.

Құтқарушылар шақырылғаннан кейін бір сағат өткен соң 2012 жылы туған баланың денесін алып шықты.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті  баланы жазатайым оқиғалардан қорғау үшін ата-аналарды сақ болуға шақырады.

"Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Ата-аналар әрқашан баланың қайда екенін, кіммен және қашан үйге оралуды жоспарлағанын білуі керек. ТЖД қайғылы оқиғаға тап болған отбасына көңіл айтады", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласының әкімдігі далалы аймақтардан келетін ағынды сулар құйылатын бұл арықтың үнемі ашық тұратынын мәлімдеді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу