Қарағандыда адвокат сотталып кетті

568

Адвокат зардап шеккен жаққа пара берген.  

Қарағандыда адвокат сотталып кетті Фото: Kazakhstan Today

Қарағандыда қылмыстық істе зардап шеккен жанға  ақша беріп райынан қайтармақ болған адвокатқа қатысты сот үкімі шықты. Қазыбек би аудандық сотының хабарлауынша үкім бойынша адвокат қауіпсіздігі аз колонияда екі жыл бас бостандығын өтейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2022 жылдың қазан айында адвокат қылмыстық істе күдікті болып танылған азаматты ақтап алу үшін зардап шеккен жанға сотта жалған айғақ беруін өтінген. Адвокат оған 2 900 доллар мен 6,5 млн теңге қаражат беріп, "қалған ақшаны соттан кейін аласың" дегенді айтқан. Осыдан кейін полиция оны ұстап әкеткен.

Адвокат ҚР қылмыстық кодексінің 422 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға сотталды. Сот адвокаттың кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескеріп, жазасын жеңілдетті. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу