Қарағандыда ағаш бұтағы құлап, 5 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қайғылы жағдай 16 тамызда Пришахтинсктегі 23-шағын ауданында болған. Қатты жел салдарынан бұтақ құлап, аулада келе жатқан баланың үстіне құлаған. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды.
Оқиғаға дейін ағаштың апатты жағдайда болмағаны туралы айтылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу