Қарағандыда әлеуметтік көмек көрсету орталығында бір бала қайтыс болды

1178

6 бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қарағандыда әлеуметтік көмек көрсету орталығында бір бала қайтыс болды Фото: google.com

Қарағанды қаласында балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында 12 бала уланып қалған, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

30 шілде күні балалардың іштері ауырып құса бастаған. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.

“Уланып қалған балалардың осындай жағдайға жеткеніне қандай жайт себеп болғаны әлі белгісіз. Бір бала қайтыс болды, алты бала жан сақтау бөлімінде жатыр, оның бесеуінің жағдайы орташа тұрақты деңгейде. Алғаш рет балалар 30 күні түссе кейін балалар 31 шілде түсе бастады. Себебін анықтау үшін уақыт керек”,- деп мәлімдеді санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова. 

Мүгедек балаларға қызмет көрсететін орталыққа облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев барған. Қылмыстық іс қозғалған,орталық директорының міндетін атқарушы жұмысынан шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу