Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен әйел мен жасөспірім қыздың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
26 наурыз күні Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денелері табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың денелерінде зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған, қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Оқиға орнында тергеу әрекеттері жалғасады. Қайғылы оқиғаның толық көрінісін қалпына келтіру және барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалып, процессуалдық шаралар жүргізіледі.
Ведомство өкілдері істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.
– Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.