Қарағандыда өртке оранған үйден 3 бала құтқарылды

181

Оқиға Долинка кентінде болған.

Қарағандыда өртке оранған үйден 3 бала құтқарылды Фото: Polisia.kz

Ұлттық ұлан қызметшілері қызметке бара жатып, өртенген үйден 3 баланы құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Сонымен бірге, жалын арасынан 50 литрлік газ баллонын да алып шығып, жарылыстың алдын алды.

Қызметіне адал азаматтар ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінде істейді. Олар Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов.

3 бірдей баланы жалыннан арашалап қалған азаматтар өз істерін батырлыққа баламайды. Себебі олар Отан алдында ел қорғаймыз деп ант бергендерін алға тартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу