Қарағандыда аударылған автобус: зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілді

102

Аударылған автобус жолаушыларының көпшілігі стационарлық емді қажет етпеді. 

Қарағандыда аударылған автобус: зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілді Фото: видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта стационарда санаулы ғана адам қалып, олардың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында вахталық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы нақтыланды.

– 44 пациент тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жеті адам стационарда қалып отыр, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Ішінде 50 жұмысшысы бар вахталық автобус аударылып кеткен. 

Оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендердің бір бөлігі Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Ботақара кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу