Қарағандыда ауруханадан өрт шығып, 20 науқас қауіпсіз жерге көшірілді

367

Оқиға 1 қыркүйек күні кешкі уақытта болған.  

Қарағандыда ауруханадан өрт шығып, 20 науқас қауіпсіз жерге көшірілді Фото: Видеодан скриншот

Қарағанды қаласында Мұқанов көшесінде орналасқан көпсалалы ауруханада өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

112 пультіне ауруханадағы өрт туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимаратта жиналған макулатура өртенген. Өрт бір қабатты кіреберіс бөліктің ағаш шатыр құрылымына тарайды. Бұл құрылыс аурухананың негізгі 5 қабатты ғимаратына жапсарлас орналасқан.

ТЖМ құтқарушылары аурухана әкімшілігімен бірге қауіпсіздік мақсатында 20 науқасты ғимараттың көрші бөлігіне эвакуациялады.

25 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Құтқарушылар жалынның аурухананың негізгі ғимаратына таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу