Қарағандыда авиазауытқа жаңа қожайын табылды

962

Қарағандыда авиазауытқа жаңа қожайын табылды

Қарағандыда жыл аяғына дейін бірде-бір ұшақ шығармаған авиациялық зауыттың мүлкі сатылуы мүмкін, деп хабарлады "ҚазАгроФинанс" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

"Сот арқылы сатылмады. Бәссаудадан ешкім сатып алмады. Бізге инвесторды өзімізге табуға мүмкіндік берді. Мұндай инвестор табылды", – деді "ҚазАгроФинанс" АҚ баспасөз қызметі.

Сатып алушының есімі, мәміле шарты әзірге құпия.  Тек азық-түлік бизнесі бар отандық кәсіпкер екені белгілі. "Зауыт авиациялық болып қалмайды. Ол жұмыс бағыты өзгертеді, қызметі мүлдем басқа өндіріске бағытталатын болады. Алдын ала келісу рәсімі аяқталды. Келесі аптадан бастап құжаттармен жұмыс басталады. Жылдың аяғына дейін мәміле жасалады деп ойлаймын.  Бастысы – "ҚазАгроФинанс" АҚ салынған ақшаны қайтара алады және зауыт тұрып қалмайды, делінеді хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, "ҚазАгроФинанс" АҚ сотта "ҚазАвиаСпектр" ЖШС – борышкердің кепілдік мүлкін сатты. Кәсіпорын қаржы операторына кредит бойынша 1 млрд теңгеден артық қарызданған.

Еске салсақ, Қарағандыда "Фермер" ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығаратын зауыт 2011 жылғы қарашада ашылған. Бұл жобаның серіктесі –  "Фирма МВЕН"  компаниясы. Құны 2 млрд теңгеден асатын жоба индустрияландыру картасына енген. Әрі авиазауыт бірде-бір ұшақ шығарған жоқ. Бұл ресейлік әріптестер тарапынан міндеттемені бұзу және техникалық кемдік, сызбадағы қате екені түсіндірілді. Бұл ретте, кәсіпорын басшылығының мәліметінше, ұшақ дайындау технологиясы 1,7 млн АҚШ долларына сатып алыныпты. Сәтсіз жоба 2013 жылғы 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына ұшырады. "Қарағандыда, мысалы,  "Фермер" ұшақтарын шығаратын зауыт тек бір ғана аэроплан шығарды, оның өзі ұшпайды екен. Егер жұмыс істемесе, мұндай көзбояушылықтың қажеті не?", –  деген болатын Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу