Қарағандыда автобус жүргізушісі өзін нашар сезініп, қоршауға соғылды

359

Жол-көлік оқиғасы 8 тамыз күні таңертеңгі уақытта болды.

Қарағандыда автобус жүргізушісі өзін нашар сезініп, қоршауға соғылды Фото: Хабар24

Қарағанды қаласында қызметтік автобус жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылды. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, автобус "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі.

 "8 тамыз күні таңғы сағат 07.30-да Бұқар жырау даңғылында денсаулығының нашарлауына байланысты 51 жастағы Yutong маркалы қызметтік автобус жүргізушісі қоршауға соғылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, автобустың іші бос болды. Аталмыш дерек полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан қосымша жарақат алмаған. Мамандар оның жағдайының нашарлауына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу