Қарағандыда автокран аударылып кетті

504

Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Қарағандыда автокран аударылып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды қаласындағы Ә.Ермеков көшесінің бойында автокран аударылды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап. 

"8 қыркүйек күні сағат 09.40-та "МАЗ" көлігі – автокранның 28 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, артқа жылжу кезінде аударылуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Көлік құралына механикалық зақым келген.

Автокран жүргізушісіне ӘҚБтК-тің 610-бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Барлық материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу