Қарағандыда азық-түлік көтерме-үлестіру логистикалық орталығы салынады

1174

Қарағандыда азық-түлік көтерме-үлестіру логистикалық орталығы салынады

Қарағандыда 20 гектардан астам аумаққа азық-түлік көтерме-үлестіру логистикалық орталығы салынады. Жер телімі ескі әуежай аумағынан бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қастысуымен жобаны бастау салтанаты өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Елбасының аграрлық секторды экономиканы дамытудың жаңа драйвері ету туралы тапсырмасы бар. Бүгінгі таңда біз көтерме-үлестіру логистикалық орталығының құрылысын бастадық. Бұл біздің облысымызға өте маңызды және қажет нысан. Ең бастысы - бұл барлық халық үшін азық-түлік бағасын төмендетуге көмектеседі", - деді Ерлан Қошанов құрылыс алаңында естелік капсуласын салу салтанатында.

Жобаны іске асыру 2017 жылдан 2019 жалға дейін екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңнің құны 10,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішіне көтерме - азық-түлік орталығының, қоймалардың, көкөніс сақтау орындарының кедендік рәсімдеу аумағының құрылысы кіреді. Көтерме-логистикалық орталықтың қуаттылығы тауарларды жүктеу - жүк түсіру және жүкті өндеу бойынша жылына 350 мың тоннадан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу