Қарағандыда балабақшадан өрт шықты

518

Өрт 10 шаршы метрді жалмаған. 

Қарағандыда балабақшадан өрт шықты Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды қаласында  "Айналайын" балабақшасында өрт тұтанды. Тілсіз жау 18 желтоқсанда кешкі сағат 17.00 шамасында тұтанған. Ержанов көшесіндегі екі қабатты ғимаратта орналасқан балабақшада өрт әдіскер кабинетінен шыққан. Өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау 10 шаршы метр жерге жайылған. Ғимараттың бірінші қабатындағы жиһаздар мен техникалар жанып кеткен. Демалыс күні болғандықтан балабақшада ешкім болмаған. Тек өртті күзетші көріп қалып дер кезінде хабарлаған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу