Қарағандыда балалар неден уланған?

588

Бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Қарағандыда балалар неден уланған? Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында Қарағандыда уланып қалған балалардың жағдайына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың ішінде 7 бала сауығып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта олар сол орталық дәрігерлерінің бақылауында. 6 бала жансақтау бөлімшесінде жатыр. 4 баланың жағдайы оң динамикамен ауыр болып қалуда, 2 баланың жағдайы өте ауыр. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромға, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр", - деді ведомсвто басшысы. 

Оның сөзінше, осы оқиға туралы ақпарат түскеннен бастап ДСМ шұғыл түрде жетекші республикалық балалар мамандардың шығуын ұйымдастырған. Қарқынды терапия көрсету қамтамасыз етілуде, деп жалғастырды ол.

Республикалық және облыстық деңгейдегі бейінді мамандардың кеңейтілген консилиумдары күн сайын ұйымдастырылады. Министрлік зардап шеккен балалардың жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. 

"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып жатыр. Алдын ала эпидемиологиялық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болу себебін дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды", - деді Ажар Ғиният. 

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу