Қарағандыда банк терминалын ұрлап кеткен азамат ұсталды

373

Келтірілген шығын 69 мың теңгені құрады. Оған ұрланған терминалдың құны кірген. 

 Қарағандыда банк терминалын ұрлап кеткен азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы банк бөлімшелерінің бірінің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, белгісіз біреулер қала көшелерінің бірінде орналасқан терминалды ұрлап әкеткен. Ол терминалда ақша болмаған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Ол терминалдың ішіндегі ақшаны аламын деген оймен ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алайда ішінде ақша болмаған. Сондай-ақ күдікті терминалдың өзін темірге өткізбекші болғаны анықталды. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу