Қарағандыда бейнекамера көлік ұрлығын ашуға көмектесті

385

Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады.

Қарағандыда бейнекамера көлік ұрлығын ашуға көмектесті Фото: polisia.kz

Күдіктінің жеке басын анықтауға бейнебақылау камерасындағы жазбаның септігі тиді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

36 жастағы қала тұрғыны таңертең аулада тұрған көлігінен бағалы заттарының ұрланғанын байқаған. Белгісіз адам көліктің құлпын бұзып, ішінен дәнекерлеу аппаратын және кәсіби құрал-саймандар жиынтығын алып кеткен.

Ұрлық жасалған сәтті жақын маңдағы бейнебақылау камерасы тіркеген. Жазбаларды зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің 35 жастағы көршісі болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұрланған заттар тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу