Қарағандыда бірнеше рет велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

477

Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен қылмыстық іс қозғалды.  

Қарағандыда бірнеше рет велосипед ұрлаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды қаласында полицейлер велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2 шілдеде Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен велосипедін жасырын жымқырған. Оның құны – 15 000 теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін Қарағанды қаласында жасалған тағы екі велосипед ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды жеке мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарап, қырағылық танытуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу