Қарағандыда дауыл 23 ағашты құлатып, көліктерді бүлдірді

357

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.  

Қарағандыда дауыл 23 ағашты құлатып, көліктерді бүлдірді Фото: бейнежазбадан

Қарағандыда қатты желден 23 ағаш құлап, бес автокөлік зақымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ағаштардың 18-і Әлихан Бөкейхан ауданында, бесеуі Қазыбек би ауданында құлаған. Олардың басым бөлігі ірі әрі көпжылдық ағаштар болған.

Қазір мамандар құлаған ағаштар мен бұтақтарды жинап, жолдар мен аумақтарды тазалап жатыр. Коммуникациялар маңындағы жұмыстар тиісті қызметтермен бірлесіп жүргізілуде.

Бұған дейін тұрғындарға 112 жүйесі арқылы қатты жел туралы ескерту жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу