Қарағандыда ер адам көлік жүргізіп келе жатып, инсульт алды

875

Тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда ер адам көлік жүргізіп келе жатып, инсульт алды Фото: Бейнежазбадан

8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажанмен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі 19-шы ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған.

"Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік, – деді Ақжаркен Мұқажан.

Белгілі болғандай көлік жүргізуші инсульт алған. Оның өмірі өлім ауызында болған.

Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бір қалыпты екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу