Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған

1617

Бұзақыны ұстау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Фото: Бейнежазбадан

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам төбелей жөнелген.

Оған аула жолымен өте алмағаны себеп болыпты.

Тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады.

"Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу