Қарағандыда ерекше шыршалар байқауы өтті

1084

Әділ қазылар алқасы барлық туындыны мұқият қарап шықты, бүгін қортындысы шықпақ. 

Қарағандыда ерекше шыршалар байқауы өтті

Оған қаладағы 30-ға жуық мекеме қатысып, өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды.

Биыл әсіресе, қала мектептері белсенділік танытқан. Мәселен бірінші сынып оқушылары жастықтан шырша жасаса, ересектері жаңа жылдық ағашты кітаптан қалап шыққан. Кейбір мекеменің шебер мамандары құстың ұясын қарағайға айналдырыпты. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері пластик құбырлардан шырша тұрғызған.

Әділ қазылар алқасы барлық туындыны мұқият қарап шықты, бүгін қортындысы шықпақ. Ал ерекше шыршалар мереке аяқталғанша қаланың сәнін келтіріп тұрады.

"Қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Ол жоспарымыз орындалды деп есептейміз. Біз бұл байқауға осымен екінші жыл қатысып отырмыз. Ерекше шырша жасай отырып, жұмысымызды да көрсеткіміз келді. Сондықтан түрлі диаметрдегі құбырларды қолдандық. Ал жұлдызшаның орнына кран қойдық. Сәтті шыққан сияқты", – дейді коммуналдық компания директорының орынбасары Илес Асанов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу