Сол кезде 17 жаста болған жасөспірімнен жалпы салмағы 8,3 грамм синтетикалық есірткі салынған 23 орама тәркіленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмаған жасөспірім болған айыпталушы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Бұл оқиға жастардың жеңіл табысқа ұмтылып, қылмыстық топтардың ықпалына түсіп қалудың ауыр салдарын көрсетті. Өкінішке қарай, есірткі саудасын ұйымдастырушылар жасөспірімдерді өз мақсаттарына пайдалануға тырысады.
Тергеу барысында белгісіз "куратормен" болған хат алмасулар жас жігіттің есірткіні тарату схемасына қатысы барын көрсетті.
Тергеу кезеңінде күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Алайда сот істің барлық мән-жайы анықталған соң нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.