Қарағандыда инкассатор көлігі жол апатына ұшырады

500

Жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні болды. 

Қарағандыда инкассатор көлігі жол апатына ұшырады Фото: видео скриншот

Қарағандыда үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, инкассатор көлігі мен екі жеңіл көлік 15-ші магистральда соқтығысқан. 

“23 қыркүйек күні сағат 13.21-де 15-ші магистральда үш көліктің – Daewoo Nexia, Gazel және Lada қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Апаттан 27 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі зардап шеккен. Ол жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу