Қарағандыда кафеде газ жарылып, 2 адам қайтыс болды

102

Жарылыс Ермеков көшесіндегі жедел тамақ әзірлейтін кафеде болды.  

Қарағандыда кафеде газ жарылып, 2 адам қайтыс болды Фото: gov.kz

Ғимарат ішінде 17 литрлік газ баллоны жарылып, өрт шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облыстық ТЖД 4 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Бүгін, 28 қаңтар күні 2 зардап шеккен адамның ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

"2 науқас та ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Келген сәттен бастап оларға жансақтау бөлімінде тәжірибелі мамандардың қатысуымен барлық қажетті арнайы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған емдік шараларға қарамастан, науқастар қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бір зардап шеккен адам ауруханада жатыр, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Зардап шеккен төртінші адам үйіне жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу