Қарағандыда полицейлер қалдықтарды белгіленбеген жерге төгу дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Киров полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қалдықтарды төгуге арналмаған жерде арнайы ассенизаторлық көліктің сұйық қалдықтарды төгіп жатқанын байқаған.
Тексеру нәтижесінде көлік иесі мен қалдықтарды тасымалдаушы компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар арнайы техникаға тыйым салынып, берешек толық өтелгенге дейін арнайы айыптұраққа қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу