Қарағандыда картоп сатып, салық төлемеген шаруалар анықталды

212

14 шаруа қаржылық есептілігін дұрыс көрсетпеген. Нәтижесінде картопты кейіннен сату кезінде шекті сауда үстемесі қолданылмаған.  

Қарағандыда картоп сатып, салық төлемеген шаруалар анықталды Фото: aikyn.kz

Облыс прокуратурасының үйлестіруі бойынша мемлекеттік кірістер органдары аталған тұлғаларға қатысты камералдық бақылау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі күні 4 өндіруші қосымша салық есебін тапсырып, 1,6 млрд теңге көлемінде қосымша табыс көрсетіп, 8,8 млн теңгеден астам сомада салық төледі және келешекте картопты қаржылық есепте көрсетіп сатуға міндеттелді. Қалған өндірушілер бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар дайындауда, орындалмаған жағдайда тексеру шаралары жүргізіледі", - делінген прокуратура хабарламасында.

Осындай талдау өндіріс, қызмет көрсету және құрылыс қызметінің барлық салаларында да жүргізіліп жатыр.

Бұл мәселе облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу